Жезқазған қаласының «Ұлытау» футбол клубы шабуылшы Николай Солодовниковпен келісім-шартты үзгенін ресми түрде хабарлады.
“Клубымыздың шабуылшысы Николай Солодовников командамен қоштасып жатыр. Ол «Ұлытау» сапында 14 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды.
Осы уақыт ішінде өз ісіне деген жауапкершілігімен, алаңдағы еңбекқорлығымен және командалық рухымен есте қалды. Николайға бірге өткізген маусым үшін алғыс айтамыз.
Алдағы спорттық жолың жарқын болсын! Жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз. Жолың болсын, Николай!” – делінген клубтың әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, шабуылшы Николай 14 ойында небәрі 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. 1 голдың өзін “Жеңіске” қарсы ойында пенальти арқылы салған болатын. Футболшы өткен маусымда да “Судува” сапында 15 матчта 1 рет қана белсенген.