instagram: fc_ulytau
Жезқазғандық "Ұлытау" клубы команданың қорғаныс шебіндегі тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында маңызды қадам жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб орталық қорғаушы Максим Чалкинмен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді.
Жаңа келісімге сәйкес, 29 жастағы тәжірибелі футболшы алдағы маусымда да "Ұлытау” намысын қорғайтын болады.
Максим алаңдағы салқынқандылығымен және шеберлігімен ерекшеленеді. Бұл нағыз орталық қорғаушыға тән қасиет.