“Ұлытау” командасы Бірінші лиганың 20-турында көкшетаулық “Оқжетпестен” айласын асырды (2:0).
Өз алаңында өткен кездесуде Ұлытау қорғаушы Демият Сламбеков пен жартылай қорғаушы Абзал Таубайдың голдары арқасында қарсыласын қапы қалдырды.
Осылайша “Оқжетпестің” 12 матчқа созылған жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды.
Бірақ соған қарамастан, Көкшетау ұжымы турнирлік кестеде 42 ұпаймен көш басынан түспеді. Екінші орында қоржынында 37 ұпайы бар “Қайрат 2”, ал үздік үштікті бүгін турнир андердогын жеңген “Ұлытау” келеді (36 ұпай).
Параллель өткен ойында оралдың “Ақжайығы” “Түркістанды” 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Біздің серіктес: FONBET