Бұл жолыда жаңа облыс командасы орталық шабуылшы алды.
Денис Митрофанов - “Ұлытау” ойыншысы атанды.
23 жастағы ойыншы өз мансабында “Алтай” 2, “Алтай”, “Қайрат-Жастар”, “Қайрат” Мәскеу, “Атырау” және “Ислочь” ұжымдарында өнер көрсетті. Денис ел құрамасының U21 санатындағы командасының бұрынғы ойыншысы саналады. Ол Қазақстан Жастар құрамасы жейдесінде 2023 жылы дебют жасап, 6 ойынға қатысты.
2020/21 жылғы маусымда “Қайраттың” негізгі ұжымының тізімінде болған Митрофанов Қазақстан Кубогын жеңді деген дәрежеге қол жеткізді.
“Ұлытау” командасы жазғы трансферлік ауысымда 2 орталық шабуылшы алып, құрамдағы форвардтар санын 4-ке жеткізді. Дәл қазіргі клуб тізімінде жалпы 6 шабуылдаушы ойыншы бар. Оның екеуі вингер.
“Ұлытауда” жаңа шабуылшы! - Футбол жаңалықтары - ALADOP.KZ