Умаевтың соққан голы “Ақтөбенің” үш ұпай алуына сеп болды

04.08.2024, 20:11

ҚПЛ 16-турында елордалық “Жеңіс” командасы “Ақтөбеден” 1:2 есебімен ұтылды. 

Умаевтың соққан голы “Ақтөбенің” үш ұпай алуына сеп болды

Матчтағы алғашқы голды 28 минутта “Ақтөбе” сапынан Агбо соқты. Бірінші таймның аяқтаулына бес минут қалғанда “Жеңістің” португалиялық ойыншысы Бруно Сильва есепті теңестірді. 26 жастағы футболшы үшін бұл елорда ұжымындағы алғашқы гол болып есептелінді. Екінші тайм аяқталар тұсында Ыдырыс Умаев мергендігімен көзге түсіп, Парфенов шәкірттеріне маңызды үш ұпайды алып берді. 

Осылайша, “Жеңіс” командасы осы маусымда “Ақтөбемен” жекелей кездесулерде үшінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Бұған дейін сары-қаралар Премьер-лиганың 3-турында (3:0), Лига Кубогынде (2:1) есе жіберді. 

3 ұпайын қоржынға салған “Ақтөбе” 16-турдан кейін турнирлік кестеде көш бастады. Соққан голдар мен запастағы бір ойын кем болғандықтан, ұпайы “Қайратпен” бірдей болсада ақ-қызылдар үздік болуға лайық деп бірінші орынға көтерілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×