Алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шығуға теориялық мүмкіндігін сақтап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алайда, бұл мақсатқа жету үшін "Қайратқа" өзінен басқа да көптеген матчтардың нәтижелері сәттілік әкелуі қажет.
АЗИЯ-СПОРТ телеграм арнасының талдауынша "Қайраттың" плей-оффқа шығуының ең басты және бірінші шарты – қалған екі ойында да міндетті түрде жеңіске жету:
1. "Брюггеге" қарсы өз алаңындағы матч.
2. "Арсеналға" қарсы сырт алаңдағы матч.
"Арсеналдың" плей-оффқа шығу мүмкіндігі өте жоғары болғандықтан, олардың назары Англия Премьер лигасына ауып, "Қайратқа" қарсы ойында негізгі құрамды шығармауы мүмкін.
Екінші Шарт: Бәсекелестердің Сәтсіздігі
Екі жеңіс "Қайратқа" 7 ұпай жинауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қазақстандық клубқа турнир кестесінде жоғары тұрған көптеген командалардан озып шығу үшін, төмендегідей оннан астам нәтижелердің сәтті үйлесуі қажет:
"Наполи” – "Копенгагеннен" және "Челсиден" жеңілу.
“Бенфика” – "Ювентустан" және "Реалдан" жеңілу.
“Пафос” – “Челсиден” және “Славиядан” жеңілу.
“Юнион” – “Аталантадан” және “Бавариядан” жеңілу.
“Бильбао” – “Спортингтен” және “Аталантадан” жеңілу.
“Олимпиакос” – “Байерден” жеңілу және “Аякспен” тең ойнау немесе жеңілу.
“Айнтрахт” – "Қарабахпен" және "Тоттенхэммен" өткізетін матчтарда ұпай жоғалту.
"Буде-Глимт” – "Манчестер Сити" және "Атлетикоға" қарсы ойындарда 3 ұпайдан артық жинамау.
“Славия” – "Пафосты" жеңіп, "Барселонадан" жеңілу.
“Аякс” - "Олимпиакос" және "Вильярреалға" қарсы ойындарда 4 ұпайдан артық жинамау.
"Вильярреал” – "Аякс" және "Байерге" қарсы ойындарда 4 ұпайдан артық жинамау.
Егер жоғарыда аталған барлық шарттар (және басқа да кестедегі ұпайлардың сәйкестігі) орындалса, онда "Қайрат" 7 ұпаймен 24-ші орынға тұрақтап, плей-офф жолдамасын жеңіп алуы мүмкін.
Бұл сценарийдің орындалуы футболдағы "ғаламат оқиға" (чудо) ретінде қарастырылады, бірақ Чемпиондар лигасының тарихында мұндай тосын нәтижелердің болғаны белгілі. "Қайрат" ең алдымен өз міндетін орындап, қалған екі ойында да жеңіске жетуге күш салуы керек.