Умтити "Ювентус" сапына ауысуы мүмкін

14.04.2019, 21:33
Умтити "Ювентус" сапына ауысуы мүмкін
Айтпақшы, "Барселона" Самуэль Умтитиді 70 млн. еуроға сатуға ниетті туралы сыбыс шыққан. Ал "Ювентустың" спорттық директоры Фабио Паратица франциялық тасқамал қорғаушыны "ескі сеньораның" сапына қосудан дәмелі көрінеді. Sport.es порталының мәліметіне сүйенсек, "Ювентус" биыл жазда Джорджо Кьеллини, Леонардо Бонуччи мен Андреа Барцальидің лайықты орынбасарларын іздеуге шындап кіріскелі отыр. Туридіктер осы мақсатта "Барселонадан" Самуэльді сатып алу үшін 80 млн. еуро төлеуге әзір көрінеді. "Ювентустан" бөлек, 25 жастағы қорғаушыға "Арсенал" мен "Манчестер Сити" де қызығушылық танытуда.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×