Унаи Эмери: «Мен ПСЖ-да әлемдегі үздік бапкер атануым мүмкін еді. Бірақ өз мүмкіндігімді жіберіп алдым»

13.02.2020, 03:22
Унаи Эмери: «Мен ПСЖ-да әлемдегі үздік бапкер атануым мүмкін еді. Бірақ өз мүмкіндігімді жіберіп алдым»

ПСЖ-ның бұрынғы бас бапкері Унаи Эмери France Football-ға берген сұхбатында өзінің жаттықтырушылық карьерасына шолу жасай кетті.

-"Мен Неймар сынды мықты ойыншымен бірге жұмыс істедім. Одан бөлек, ПСЖ сапында жоғары деңгейлі футболшы көп болды. Кейде бұл ойыншылардың барлығын басқару мүмкін емес болатын. Себебі, әр қайсысының жеке қалауы болды.

Карьерамда мен қателік жіберген бірнеше шешуші сәт болды. Біз Чемпиондар лигасында «Барселонаны» 4:0 ұтып тұрғанда келесі кезеңге өтуіміз тиіс еді. Бірақ түзде төрешінің кесірінен 1:6 ұтылдық. Егер сол кезде VAR жүйесі болғанда біз жорықты жалғастырар едік. Мен ПСЖ-да әлемдегі үздік бапкер атануым мүмкін еді. Дегенмен ол мүмкіндігімді жіберіп алдым", -дейді испан маманы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×