Ұнамайтын болса да, шындықты айту — үлкен ерлік... Енді Самат Смақовтың жары жарып жатыр

21.04.2025, 10:57

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақовты жұбайы Ума Смақова өзінің Instagram-парақшасында күйеуін қолдап, мәлімдеме жасады.

Ұнамайтын болса да, шындықты айту — үлкен ерлік... Енді Самат Смақовтың жары жарып жатыр
Самат Смақов

Оның сөзінше Самат Смақов қазақстандық футболдағы әділетсіздік туралы ашық айтуға батылы жететін санаулы адамның бірі. Айта кетейік, ҚПЛ-2025-тің 5-турында «Жетісу» сырт алаңда «Ордабасыдан» есе жіберген болатын (0:1). Матчта талдықорғандық команданың бас бапкері алаңнан қуылып, ойын соңындағы баспасөз-мәслихатында төрешілер тарапына сыни пікір айтқан еді. 

«Көпшіліктің шындықты айтуға батылы жетпей жүргенде, менің күйеуім әділдік жолында алдыңғы қатарда жүр. Қазақстан футболында Самат сияқты шындықты ашық айтатын, біреудің қанатының астында отырмайтын, өзгелерден тайсалмайтын мамандар өте сирек. Ұнамайтын болса да, шындықты айту — үлкен ерлік», - деп жазды.

Самат Кәбірұлы сондай-ақ, ел футболының қазіргі жағдайы мен келешегі жайында да ойын ортаға салды.

«Біздің футбол қайда кетіп барады? Жыл сайын кері кетіп жатқанын көреміз. Әлем чемпионаты немесе Еуропа? Бұл жайлы армандаудың өзі бекер. Мұндай бейберекет жағдаймен алға жылжу мүмкін емес», - деді қазақстандық маман.

Премьер-лиганың 5-турынан кейін «Жетісу» 3 ұпаймен 11-орында, ал «Ордабасы» 5 ұпаймен тоғызыншы сатыға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×