«Уотфорд» пен «Челси» арасындағы матч біраз уақытқа тоқтап қалды

02.12.2021, 15:18
Мұндай жағдай Премьер-лиганың тағы бір матчында болған екен.
«Уотфорд» пен «Челси» арасындағы матч біраз уақытқа тоқтап қалды

Премьер-лиганың 14-ші турындағы «Челси» мен «Уотфорд» кездесуі әдеттегі сценарий бойынша өрбіді – алғашқы минуттарда Клаудио Раньери шәкірттері есепте алға шығуы мүмкін еді, бірақ Эдуард Менди қақпасын голдан аман алып қалды.

Ал 12-минутта ойын кенеттен тоқтап қалды - көрермендердің қошеметімен ойыншылар алаңнан шығып кетті. Матчты таледидардан тамашалап отырған көрермендер не болып жатқанын біраз уақытқа дейін түсінбеді, бірақ көп ұзамай «Челсидің» Twitter желісі үзіліс себебін жариялады: бір жанкүйердің жүрек талмасы ұстап қалып, медициналық көмекке зәру болған екен.

Ал трибунадағы бұл жанкүйерді ең алғаш болып Маркос Алонсо байқады. «Челсидің» дәрігерлері оқиға орнына дереу жетіп барды.

Ақырында бәрі ойдағыдай аяқталып, оны жедел-жәрдем алып кетті. Көп өтпей төреші Дэвид Кут кездесуді жалғастыруға рұқсат берді.

Бір қызығы, «Саутгемптон» - «Лестер» матчында да бір жанкүйер өзін нашар сезінген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×