«Уотфорд» жаңа бас бапкер тағайындады

26.01.2022, 13:57
Англиялық клуб тәжірибелі маманға сенім артпақ.
«Уотфорд» жаңа бас бапкер тағайындады

Англия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Рой Ходжсон «Уотфордтың» бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Уотфорд» 24 қаңтар күні Клаудио Раньериді қызметінен босатқан еді. 70 жастағы италиялық маман 2021 жылдың 4 қазанында Хиско Муньостың орнына келген болатын. Содан бері 14 кездесудің он бірінде жеңіліске ұшырап, бір рет тең түскен.

Қазір «Уотфорд» 14 ұпаймен Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 19-шы орында тұр.

Ходжсон соңғы жылдары «Кристал Паласты» жаттықтырды. Оған дейін «Ливерпуль», «Фулхэм», «Интер» және басқа да клубтарды қызмет еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×