«Урал» қорғаушысы «Тұран» сапында қаралымнан өтуде

19.02.2021, 19:53
Футболшы этникалық қазақ болып табылады.
«Урал» қорғаушысы «Тұран» сапында қаралымнан өтуде

"Уралдың" ресейлік қорғаушысы Исламжан Насыров "Тұран" командасының оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды Матч ТВ.

Исламжан Насыров - этникалық қазақ. Бұған дейін ол "Носта Новотроицк" командасында ойнады, онда төрт маусым өткізді (69 матч, 2 гол).

2019 жылдың жазында ол "Уралға" қосылып, Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы кездесуін "Крылья Советов" клубына қарсы ойында өткізді. Ол маусымның алғашқы бөлігінде "Оренбургте" жалдау шарты бойынша өнер көрсетті (11 матч). Ойыншының "Уралмен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×