«Уралға» қарсы матчта «Рубиннің» жанкүйері қайтыс болды
19.04.2015, 18:45
Қазанда өткен матчта алаң иелерінің 17 жастағы жанкүйері стадионда қайтыс болды.
«Трибунада жанкүйеріміздің жағдайы ауырлап кетті. Жедел жәрдем қызметкерлері жақын жерде болған, өкінішке қарай, өмірін сақтап қала алмады. Жанкүйеріміздің неден қайтыс болғанын білмейміз. «Рубин» футбол клубы оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деді «Рубиннің» бас директоры Айрат Гараев.
Гараевтың айтуынша, «Рубиннің» футболшылары қайтыс болған баланың ата-анасына қаржылық көмек көрсеткен екен.