Уразбахтин ашуланды….. “Бізді ұпай доноры деп атауда, бірақ біз бұған келіспейміз!”

18.09.2025, 08:00

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасында командасының мақсаттары мен амбициясы туралы пікір білдірді.

Уразбахтин ашуланды….. “Бізді ұпай доноры деп атауда, бірақ біз бұған келіспейміз!”

"Біз жайлы әр жерде "Қайрат” ұпай доноры” деп жазып жатыр. Әрине, бұл бізге ауыр тиеді. Сондықтан біз алаңға тек матч өткізу үшін емес, өзіміздің кім екенімізді дәлелдеу үшін шығамыз. Біздің мақсат бар күшімізді салып, нағыз бәсекеге қабілетті команда екенімізді көрсету." – дейді Уразбахтин.

Маманның айтуынша, команда үшін Чемпиондар лигасына шығудың өзі үлкен жетістік.

"Қысым сезініп тұрған жоқпыз. Керісінше, өзімізді еркін сезініп, ойыннан ләззат алғымыз келеді. Біз алаңға өзіміздің ең жақсы қырларымызды көрсетуге дайынбыз.” – деді ол.

Уразбахтин кеше өткен "Қарабақ" – "Бенфика” кездесуін мысалға келтіріп, футболда сенсацияға әрдайым орын бар екенін атап өтті:

"Фамилиялар ойнамайды алаңға тірі адамдар шығады. "Қарабақтың” ойыны бәрі мүмкін екенін дәлелдеді. Біз де өз мүмкіндігімізді соңына дейін пайдалануға тырысамыз.” 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×