Рафаэль Уразбахтин
Белгілі болғандай ұлттық құрама сапына алматылық клубтан тек жалғыз Дамир Қасаболат қосылған ұқсайды.
Ал Дастан Сәтпаев, Еркін Тапалов пен Александр Мрынский түрлі себептермен келуден бас тартқан көрінеді. Алматылық команда Сәтпаевқа байланысты ресми жауап беріпті – Дастан «Жетісуға» қарсы ойында кішігірім жарақат алып қалған. Осы себепті Қазақстан құрамасының алдағы екі матчына тыс қалмақ.
«Қайрат» алдағы аптада 21-қазанда ЧЛ жалпы кезеңінің 3-турында кипрлік «Пафоспен» кездеседі. Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин маңызды матчқа байланысты негізгі футболшыларына тынығуға мүмкіндік беруі мүмкін деген ақпарат бар.