Уразбахтин: “Сатпаев тек “Қайрат” үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды ойыншы“

26.09.2025, 12:00

"Қайрат" командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Реалға" қарсы матчы алдында 17 жасар Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді.

Уразбахтин: “Сатпаев тек “Қайрат” үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды ойыншы“

"Біз ойын тактикасын тек Дастанға бағыттамаймыз. Ол өте маңызды ойыншы — тек біздің команда үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін. Соңғы уақытта осындай жарқын жас ойыншы бізде болмаған еді. Сондықтан біз оның әрі қарай дамып, тек "Қайрат" клубын ғана емес, елімізді де танытатынына үміттіміз.

Арнайы оған бейімделіп ойнамаймыз, командалық әрекетке негізделеміз. Бірақ ол командалық ойындағы негізгі тұлғалардың бірі болады. Біз оның гол соғатынына сенеміз." — деді Уразбахтин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×