Үрленбеген доп…

31.10.2011, 04:02
Үрленбеген доп…
БАЛАЛАР ФУТБОЛЫНЫҢ КӨСЕГЕСІ КӨГЕРМЕЙ ТҰР Адамға көзі тірі кезінде шын бағасын беру ұлттың ұлылығын, ұрпақтың ұлағатын танытса керек. Алматыда қазақ футболындағы нар тұлға Тимур Сегізбаевтың атындағы футбол академиясы ашылды. Бұл біздің аяқдоп тарихында бұрын-соңды болмаған жағымды жаңалықтың бірі. Өйткені аталмыш академияға был ғары допты уақытша ермек еткендер емес, өмірлік серік еткісі келген талантты жас футболшылар шақырылады. Олар осы академиядан футболшы ретінде аяқтанып шықпақ. Қазіргі құраманың қарадүрсін ойынынан опынған қазақ жанкүйері қазақ футболшыларының қарымын сынап-мінеуден әбден шаршады. Иә, «сын түзелмей, мін түзелмейді». Әлі де сынармыз. Десек те, бас құрамадағы жігіттердің доп тебудегі шорқақтығы ертеңгі күні олардың артынан еріп келе жатқан шәкірттерге пәле боп жабысса қайтпекпіз? Бәлкім қазірден ойлану қа жет шығар. Мазасыз сауал Тимур Се гізбаевтың да жанын жегідей жейтін болу керек, академияның ашылу салтанатында, даңқты футболшы көкейіндегі күйікті ашып салды. – Қазақтың футболында «гастар бай терлердің» қолы жүріп тұр. Олар қазақтың футболындағы ақшаны сауып жатыр. Оны қойып, олардың азаматтық алатындарын айтсаңшы! Азаматтық ала сала құрамада ойнағысы келеді, ойнап жүргендері де бар. Құраманы ермек көреді, Еуропа алаңда рында алты минутқа болса жүгіріп қайту үшін баратын сияқты… Құрамамыздың тең жартысы өңкей келімсек. Осы жиырма жылда тәп-тәуір доп тебетін 20 жігітті даярлап шығуға болар еді. Бірақ футболдың құнын құнттамадық. Доп тепкісі келетін балалардың арманы да алысқа бармайды. Өйткені алаң жоқ, доп жыртық. Мұндай жайттарға көз жұма қарауға болмайды. Даңқты футболшының дегені біздің ойымызды да дөп басты. Балалар фут болының кенжелеп қалу себебінен бүгінгі қазақ футболында жеткілікті дәрежеде жүргізілетін буын алмасу үрдісі жоқ. Балаларды аяқдопқа бейімдейтін спорт мек тептері бар да шығар, бірақ солардың отандық футболға сүбелі үлес қосып отыр ғанын байқай қойған жоқпыз. Қалаларда заманауи жасыл алаңдар да бар. Дегенмен әлі де артта келеміз. Жеткіншек аяқдоп шылардың немен айналысып, немен тыныстап жүргені бізге белгісіз. Ал алыс шетел тұрмақ, мынау іргедегі Өзбекстанда ойын өрнегінде оты бар талантты футболшыларды бала жасынан баптайды, жетектейді, жетілдіреді. Бізде оларға бағыт-бағдар бе ретін бапкерлердің жағдайы да жетісіп тұр ған жоқ. Айта кетелік, Т. Сегізбаев атын дағы академияның ашылуына Қазақ тың Спорт және Туризм академиясы мұ рындық болды. Сәті келгенде, көңілімізді күпті қылған сұрақтарды аталмыш білім орнының футбол және хоккей кафе дра сының меңгерушісі Мұхтар Есқалиевке қойдық. – Бұл тек спорт клубы ғана емес біз одан биік тұрмыз. Өйткені негізгі бағдарымыз болашаққа бағытталған. Қазақ футболына үлес қоса алатындай жастарды тәрбиелеп шыққымыз келеді. Академияға қабыл дан ған жеткіншектер футбол өнерімен, оның қыр- сырымен толықтай танысады. Жүйелі, кешенді жұмыстар жүргізіледі. Тек Алма тының айналасында шектеліп қалмақ емеспіз. Таңдау да талапқа сай жүр гізіледі. Балаларды 7-8 жастан бастап қабылдаймыз. – Қазақ футболының тасын өрге домалату үшін не істеліну керек осы? – Теңбіл допты түзу тебер футболшыларды тәрбиелеп шығаруымыз керек. Шынымды айтайын, біздің футболға қарасам намыстан жанып өле жаздаймын. Құрама мызда харизмалы тұлға жоқ қазір. Өйткені ұлттық кадрлер жетіспейді. Ойыншыларымыз алаңға жеңеміз деп емес, 90 минутқа шыдап бақсақ деп шығатын сияқты… Бізге уақытша нәтиже керек емес. Футболы мыз дың дамығаны керек. Иә, мұнымен толықтай келісеміз. Осы жерде заңды сұрақ туады. Неге олай? Сайып келгенде барлығы төменнен басталады екен. Балалар футболын дамытсақ қана, дәстүр сабақтастығы жалғаспақ. Әйтпе генде әлі талай жыл біздің футбол келіс­мектерден көз ашпайтын боламыз. ДЕГЕНДЕЙ… Болат ЕСМАҒАМБЕТОВ, футбол ардагері, бапкер: – Біздің қазақы менталитет те қызық қой. Ата-аналар әлі күнге дейін аяқдопқа «доп ойнаған тозар» деп қарайды. Балаларын тым құрымағанда дене тұрқын жетілдіру үшін футболға бергісі келмейді. Оның үстіне отандық футболға деген мемлекеттің орашолақ көзқарасы, балалар футболының жетілуіне кедергі келтіріп отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×