Уругвай футбол Федерациясы 180 мың еуро айыппұл арқалады

Бұған себеп, чарруа құрамасы жұлдыздарының жолдастық кездесулерге шақырту алмағандығы болып отыр. 

Уругвай футбол Федерациясы 180 мың еуро айыппұл арқалады

Марсело Бьелса командасы қазан айында Өзбекстан мен Доминикана құрамаларымен жолдастық матч өткізеді. 

Аталған жолдастық кездесулерге бас бапкер Араухо, Феде Вальверде сынды жұлдызды футболшыларын шақыртпапты. Құрамдағы ең танымал деген ойыншы - “Вильярреалдағы” Моуриньо екен. 

Жолдастық кездесуде Марсело үздіктерін демалысқа жіберіпті онда тұрған не бар? Бірақ жолдастық матчтардың да өз келісімі болады. Азияда мысалы Уругвайдың жұлдыздарын күтіп отыр. Бірақ Бьелса бұған ешқандай назар аудармады. Нәтижесінде жаза ретінде Федерацияға 180 мың еуро айыппұл әкелді. Азиялық Конфедерация жоқ жерден ақша жасап кетті. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Өзбекстан
Aladop Youtube
×