Куяба қаласындағы (Бразилия) "Арена Пантанал" стадионында Уругвай мен Чили құрамалары арасындағы Америка кубогінің үшінші турының матчы өтті. Кездесу тең есеппен аяқталды - 1:1.
Есепті 26-шы минутта Чили құрамасының шабуылшысы Эдуардо Варгас ашты. 66-минутта Уругвай құрамасы Чили жартылай қорғаушысы Артуро Видальдың автоголының арқасында бір ұпайға ие болды.
Осылайша, Аргентинамен болған бірінші ойындағы жеңілістен (0:1) кейін Уругвай турнирдегі алғашқы ұпайын қоржынға салды. Ал Чили екінші мәрте тең ойнады - бұған дейін олар Аргентинамен ұпай бөлісіп, Боливияны 1:0 есебімен жеңген еді.
Біздің серіктес: FONBET