Ұрылар «Ибица» - «Барселона» арасындағы матчқа 40 билет ұрлап кетті

22.01.2020, 18:48
Ұрылар «Ибица» - «Барселона» арасындағы матчқа 40 билет ұрлап кетті

Кеше кешкісін Испанияда біртүрлі, әрі қызық оқиға болды. Бетперде киген екі ұры «Ибица» футбол клубының кеңсесіне шабуыл жасап, қымбат техникаға қарамастан Испания Кубогы аясындағы «Ибица» мен «Барселона» арасындағы матчтың 40 билетін ұрлап кетіпті. Негізі бұл клуб қызметкерлеріне берілген билеттер екен.
Айта кетейік, билеттер сатылымға түскен бетте барлығы сатылып кеткен. (Стадион сыйымдылығы - 4 500 адам).

Ең қызығы ұрылар бәрібір қолдағы билетпен матчқа кіре алмас еді. Себебі, билетпен қоса қолыңда клуб қызметкері екеніңді растайтын құжат болуы тиіс. Дегенмен «Ибица» клубы қолды болған 40 билеттің күшін жойыпты.

ШамкеБАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×