Үш голдың екеуінде Асхат Тағыбергеннің кінәсі бар ма? Бас бапкердің пікірі

23.03.2025, 12:57

Кеше түнде Уэльстен жеңілгеннен кейін Әли Әлиев ойынға қысқа талдау жасап, журналистер сұрағына жауап берді.

Үш голдың екеуінде Асхат Тағыбергеннің кінәсі бар ма? Бас бапкердің пікірі
Асхат Тағыберген Уэльс қақпасына салған голын тойлауда

БАҚ өкілдерінің бірі команда капитаны Асхат Тағыбергеннің жағдайын сұраған, өйткені, Заруцкий қақпасына кірген үш голдың екеуіне капитанның тікелей қатысы бардай көрінді. Оның үстіне, соңғы бірер апта бойы ақпараттық кеңістікте жұрт Тағыбергеннің «Ордабасыда» алатын жалақысын (20 млн теңге) талқылап жатыр.

Әли Әлиев, Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы: 

- Асхатты психологиялық тұрғыда мұқият қадағаладым. Ол жолдастық кездесулерде жақсы өнер көрсетті және «Кюрасамен» болған матчта гол соқты. Шабуылға өте жақсы қосылып отырды. Асхат – психологиялық тұрғыда тұрақты. Ол – капитан. Уэльс, Бельгия сияқты топтағы үздік құрамалармен ойындарда тәжірибесі қажет болады. Мысалы, шартты түрде Мәди Хасейнді қойсаң, бұл – тәуекел болар еді. Бірінші голдағы қателігі – бұл әрине техникалық жағдай. Сондықтан психологиялық тұрақсыздықпен байланыстырудың қажеті жоқ». 

Отандық маман 50 мың жанкүйер келіп, сүйікті командаңдасына қолдау көрсеткенде кез-келген футболшыға ойнау оңай емес. Мұндай сәтте командаға тәжірибелі ойыншылар көбірек қажет. 

«Пенальти тепкен кезінде оны құдай қолдады. Капитан ретінде жауапкершілікті өз мойынына алды. Егер Асхат теппесе, тағы әңгіме болар еді. Ол психологиялық тұрғыдан дайын болмады дегенмен келіспеймін», – деп өзінің ойын түйіндеді Ә. Ханәліұлы. 

Қазақстан құрамасы Уэльстен 1:3 есебімен жеңілген болатын. Жалғыз голды Асхат Тағыберген пенальтиден соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 7
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×