Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізген ойынына футбол комментаторы Уәлихан Қосанбай өз пікірін білдірді.
Түнде футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан 0:4 есебімен жеңілді. Ойынды өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Ойын жоқ, тактика нашар демей-ақ қояйын.
Менің байқағаным - біздің футболшылар қарсылас қақпасының қайда екенін ұмытып қалған сияқты. Ұлттар лигасында біз 3 ойын өткіздік. Осы үш ойында бірде-бір гол соқпадық.
Гол былай тұрсын, Норвегия, Словения, Аустриямен өткен ойында біздің футболшылар қарсылас қақпасына тура 3 ғана соққы жасапты.
Сонда футболшыларымыз не ойнап жүр? Тек қана допты өз алаңымызда ұстай ма? Мұндай қарқынмен біз қашан гол соғамыз?
Айта кетейік, Аустрия – Қазақстан арасындағы ойын 4-0 есебімен аяқталған болатын. Ұлттық құрама келесі кездесуін 13 қазанда Алматыда Словенияға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET