Үшінші лигадағы ойыншыдан «Қайраттың» жұлдызына айналған Жоржинио

16.07.2025, 14:55

Араға 2 жыл салып, Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Осы орайда «Қайрат» ұжымының жеңісіне үлкен үлес қосқан шабуылшы, 27 жастағы Жоржинио екендігі сөзсіз. Словения чемпионы «Олимпияға» қарсы қос ойында португалиялық футболшы 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Үшінші лигадағы ойыншыдан «Қайраттың» жұлдызына айналған Жоржинио

«Қайраттың» көзіне қалай түсті?

2024 жылы Люксембургтың «Дифферандж 03» командасы сапында доп тепкен Жоржинио Конференция лигасының екінші кезеңінде Қазақстан чемпионы «Ордабасының» қорғанысына маза бермей, 3 голдың авторы атанған еді.

Оған дейін ол 2023 жылы Португалияның үшінші дивизионындағы «Певидем» командасынан Люксембургтың «Дифферандж 03» ұжымына ауысуға шешім қабылдаған еді. Португалиялық шабуылшы Жоржинио Люксембург чемпионатында тұрақты түрде гол соғып, өз шеберлігін дәлелдей білді. «Дифферданж» сапында 51 матчта 45 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Тұрақты гол мен нәтижелі пастың арқасында «Дифферандж 03» қатарынан 2 мәрте чемпион атанды. Люксембург кубогын да жеңіп алды.

Бұл сәт алматылық «Қайраттың» назарынан тыс қалмады. 2025 жылы 50 мың АҚШ долларын жұмсап, футболшымен келісім-шартқа отырды. Алматылықтардың қатарына қосыла салып, ол Қазақстан Суперкубогын иеленіп үлгерді.

Қазақстан чемпионатында қалай ойнайды?

Маусым басталған ол «Қайрат» сапында Қазақстан Премьер-лигасының 16 ойынына қатысып, 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ол гол соққан немесе нәтиже берген 9 кездесуде команда 8 жеңіс және 1 тең көрсеткіш тіркеген. Енді бұл көрініс Чемпиондар лигасында да жалғасты. Жоғары нәтижеліліктің арқасында футболшының құны да айтарлықтай жоғарлады.

2024 жыл. Маусым – 250 мың АҚШ доллары

2024 жыл. Желтоқсан – 300 мың АҚШ доллары

2025 жыл. Маусым – 500 мың АҚШ доллары

Жылдың басында ғана БАҚ құралдары бұл футболшы команданы күшейтеді дегенге күмәнмен қараған. Бірақ бойы 169 сантиметрді құрайтын жылдам ойыншы тынымсыз еңбек пен мотивацияның арқасында жарақат алған Жоао Пауло мен Элдер Сантананың орнын жоқтатпауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×