Усман Камара “Астана” сапындағы 60 матчын өткізді

“Зимбруға” қарсы кездесу Камара үшін ерекше маңызға ие болды.

Усман Камара “Астана” сапындағы 60 матчын өткізді

Гвинея елінің тумасы “Астана” командасы сапында 2023/24 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері Усман сары-көктер жейдесінде 60 ойын өткізіп, 13 гол мен 16 голдық пас берді. 

Камара Бабаян баптайтын командаға 2024 жылдың 20 қаңтарында “Динамо” Тбилисиден 350 мың еуроға сатып алынған еді.

26 жастағы вингер өз мансабында гвинеялық “Атуга”, швециялық “Эскильстуна”, норвегиялық “Волеранга” және грузиялық “Дила” клубтарында өнер көрсетті. 

Трансфермаркт Камараны 850 мың еуроға бағалап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×