Ұят-ай! «Астана» ойнайтын алаң таппай жүр

28.06.2020, 22:29
1-шілде күні Қазақстан премьер-лигасы қайта жалғасады.
Ұят-ай! «Астана» ойнайтын алаң таппай жүр

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшылығы Талғардағы стадионды тексеріп ол жердегі табиғи жасыл алаңның өте жақсы сапада екенін айтты. Өйткені, "Астана" футбол клубы ішкі біріншіліктегі ойындарын осы стадионда өткізгісі келген. Алайда, телекөрсетілім жасауға ешқандай жағдайы жоқ бұл стадионда ойындарды өткізуге тыйым салынды. Енді "Астана" өз алаңындағы матчтарды қайда ойнайды. Қонақ команданы қай стадионда қабылдамақ?

Михаил Гурманның айтуынша "Астана Арена" 15 шілде күні дайын болады екен. Клуб президентінің осыған дейін де біршама рет даталардан қателескенін ескерсек елорданың басты стадионы 15 шілде күні дайын бола қоймайтын секілді. Ал оған дейін елордалық клуб 4-5 матч ойнауы тиіс. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы ойнайтын алаң таппай жүргені қалай?

Бұрындары ПФЛК ТВ жобасы арқылы көрсетіліп келген трансляцияларға мұндай стадиондар жарай беретін. Енді шамасы, "Астана" матчтарын "ҚазСпорт" арнасы көрсететін секілді. Жағдай қиындап бара жатса, "Астана" өз алаңындағы матчтарын "Қайраттың" стадионында ойнауы да бек мүмкін.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×