УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында «Қайрат» өз алаңында «Пафосты» қабылдайды. Бұл матчқа Кипрдің сайты өз назарын аударды.
Gipedo.politis.com. сайтының жазуы бойынша, Кипрдан Алматыға жету үшін 6 сағаттай уақыт жұмсалады. Бірақ «Пафос» футбол клубы ұзақ жолдың өтеуін жасыл алаңда өтейді деп сенеді.
«Ертең кешке (19:45) олар Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында Қазақстанда алматылық «Қайратқа» қарсы ойнайды. Ал ұшаққа отыру дүйсенбі таңертең (шамамен 8:00-де) жоспарланған. Біз Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Пирейдің «Олимпиакосымен» тең ойнап, одан кейін өз алаңында қуатты «Бавариядан» жеңілдік. Енді бірінші жеңіске жетуге болады. Қарсылас та қатты айбарлы емес.
«Пафос» 17 қазан күні өз жерінде «Ахнасты» 4:0 есебімен күйрете жеңді. Сондай-ақ олар осы маусымда сырт алаңдағы 8 матчта да әлі жеңілістің дәмін татпады. Осы сәтті серия жалғасын табуы тиіс», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Қайрат» - «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.