Үздік футболшыларымыз бапкерлікке бет бұрды

24.11.2011, 16:24
Үздік футболшыларымыз бапкерлікке бет бұрды

Газетіміздің өткен санында еліміздегі көпшілікке танымал жаттықтырушылардың PRO лицензиясына ие болғанын жазғанбыз. Енді беткеұстар футболшыларымыздың жаттықтырушылық «А» лицензиясы бойынша дәріс ала бастағандарына тоқталмақпыз. УЕФА-ның Jira бағдарламасында осындай бір жоба бар. Яғни УЕФА футболшылар бутсысын шегеге ілгеннен кейін далада қалмас үшін, жасы келіп қалған аяқдопшыларға жаттықтырушылық лицензия алуға ұсыныс жасайды. Олардың футбол ойнап жүріп-ақ дәріс алып, бапкерлік мамандық алып шығуларына мүмкіндік жасайды. Әдетте мұндай дәріс беру шаралары маусым аралықтарында өткізіледі. Қазақстан футбол федерациясы да осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі қабілеті зор футболшыларды оқыта бастады. Бірақ футболшыларды өздері таңдап алмаған, әрбір клуб ұсыныпты. Сөйтіп, Jira бағдарламасының жаттықтырушылар дайындайтын жобасының бірінші кезеңінде мына футболшылар дәріс алды: Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Қайрат Нұрдәулетов, Айдар Күмісбеков, Мұрат Тілешев, Қуаныш Қарақұлов, Қайрат Әшірбеков, Рафаэль Оразбахтин, Руслан Балтиев, Андрей Карпович, Давид Лория, Ұлықбек Асанбаев, Игорь Авдеев, Сергей Казюлин, Олег Лотов, Марк Гурман. Тізімдегі футболшыларды аяқдобымыздың кейінгі он жылдағы қаймағы десе де болар. Егер осы футболшылар бекітілген оқу модульдарынан толықтай өтіп, емтиханды жақсы тапсырып шықса, онда бір жылдан кейін «А» санатты жаттықтырушы лицензиясын алады. Одан кейін PRO лицензиясы бойынша дәріс алуға болады. Автор: Айқын ЖАППАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×