Үздік сұрмергенісіз “Реалдың” шабуылы қалай болар екен?

Килиан Мбаппе сол тізесінің крест байламы жарақатын алып қалды.

Үздік сұрмергенісіз “Реалдың” шабуылы қалай болар екен?

Примераның 25-турында “Осасунаға” қарсы кездесуде француз шабуылшысының алған жарақаты ауыр болып шықты. Cadena SER ақпараты бойынша, Мбаппе сол тізесінің крест байламын жарақаттап алған екен. “Реал” командасы Килианның жарақатының ауырлығына қарамастан, оны “Ман Ситиге” қарсы ойында өнер көрсетеді деп сеніп отыр. Алайда шабуылшының қалыпқа келу мерзімі бұндай кезде 100 күнге созылады. 

“Реалдың” шабуылы 25 жастағы ойыншының жоқтығынан едәуір әлсіреуі ғажап емес. Мбаппе осы маусымда барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 36 гол соғып, 5 голдық пас берді.

Бұған дейін, “Реалдың” тағы бір шабуыл шептегі ойыншысы Родриго Гоистың крест байламы жарақатын алып, осы маусымдағы өнерін аяқтағандығы жайында анық болған еді. Бразилиялық төрт жылда бір келер Әлем чемпионатыменде ерте қоштасып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×