«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Sport24-ке берген сұхбатында Алматы мен Мәскеудегі өмірін салыстырып, өзінің 36 жасында қалай дайындалатыны туралы әңгімеледі.
- Сіз отыз алтыдасыз, бірақ әлі де жақсы ойнайсыз, мұның сыры неде?
- Белгілі бір құпия бар деп айтпай-ақ қояйын, тек сіз жасыңыз ұлғайған сайын өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарай бастайсыз: мен диетаны жақсарттым, көп демала бастадым, енді аз жүремін және отбасыммен бірге көп уақыт өткіземін (күледі). Соның арқасында мен әлі де футболдамын.
- Бразилиялықтардың бәрі осындай жасқа келгенде сіз сіз сияқты ойнай алмайды.
- Иә, бразилиялық футболшылардың осындай қасиеті бар. Құдай мені таңдады деп ойлаймын (күледі). Мен Құдай үшін ерекше адам екеніме шынымен сенемін - бұл маған бақытты болуға және 36 жаста да футболды жоғары деңгейде ойнауға мүмкіндік береді.
- Қазақстандағы өмір Ресейдегіден өзгеше ме?
- Жоқ. Өмір бірдей. Егер біз Алматы туралы айтатын болсақ, онда бұл қала Мәскеуге қарағанда кішірек, бірақ мені өзінің өмір сүру жағдайымен қатты таң қалдырды - мұнда бәрі ең жоғары деңгейде. Мен өзімді осы қалада өте бақытты сезінемін!
- Сізбен бірге «Қайрат» соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанды. Тағы бір танымал ойыншы Андрей Аршавин клубпен осындай жетістікке жете алмады. Ол сізді чемпион болғаныңызбен құттықтады ма?
- Жоқ, кубокті жеңіп алғаннан кейін Аршавин менімен қандай-да бір байланысқа шыққан жоқ. Өкінішке орай, менің онымен алаңнан тыс сөйлесуге мүмкіндігім болған жоқ. Әрине, мен Аршавиннің осы клубтағы ойындарын білемін, жанкүйерлер оны жақсы көретін. Маған сәттілік серік болды (жымиды).
- Ал бұрынғы ЦСКА ойыншыларынан құттықтаулар болды ма?
- Шын мәнінде, мен сол уақыттан бері олармен жақсы байланыста болған емеспін. Мүмкін бұл менің орыс тілін жетік білмейтіндігімде болар - тіл мәселесі әрдайым қарым-қатынасқа кедергі келтіреді.
- Яғни, сіз сол кездегі ЦСКА ойыншыларының ешқайсысымен сөйлеспейсіз бе?
- Жоқ. Бірақ олар менің жетістіктерім туралы біліп, мен үшін шын жүректен қуанды деп үміттенемін.
Біздің серіктес: FONBET