Вагнер Лав: «Плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшін күресетінімізге сенімдімін»

17.09.2021, 22:52
Бразилиялық шабуылшы кешегі матчта тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады.
Вагнер Лав: «Плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшін күресетінімізге сенімдімін»

«Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав тағы да еурододаның топтық кезеңінде ойнады. Осы орайда клубтың баспасөз қызметіне матчтан алған әсерімен бөлісті.

- Вагнер, араға біраз жыл салып, еурокубоктік турнирдің топтық кезеңіне оралдың. Эмоцияларың туралы айтып берші?

- Біз Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққан кезде, мен сөзбен айтып жеткізе алмас сезімдерді бастан өткердім. Еурокубокте тағы да ойнау мүмкіндігім болады деп ойламадым.

Мен өте бақыттымын! Еуропада тағы бір рет ойнауға мүмкіндік бергені үшін құдайға алғыс айтқым келеді. Бұл турнир мен үшін өте маңызды, әрине, ол клуб үшін де маңызды деген сенімдімін. «Қайрат» үшін алғашқы еуропалық турнир және мен өз атымды клубпен бірге тарихта қалдырғым келеді.

- Клубтың топтық кезеңдегі алғашқы матчын қалай бағалайсың?

- Кез-келген турнирдің басталуы әрдайым қиынға соғады. Әсіресе еуропалық аренада, себебі бұл жүйкеге салмақ салады. Кейбір футболшылар алғаш рет бұл сезімді бастан кешірді. Дебюттік кездесу үшін команда жақсы ойнады деп санаймын. Бізде матчта жеңіске жетуге, соның ішінде менде керемет мүмкіндік болды.

Мұндай турнирлерде ұпай жинау маңызды. Дебют артта қалды, енді біз алдағы ойындарға жақсылап дайындалуымыз керек. Барынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшін күресетінімізге сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×