Бразилия құрамасының ойыншысы болған Вагнер Лав алматылық клубтың сапына ауысып отыр. Негізі осы жақында ғана бұл шабуылшының ЦСКА командасына қайтып келуі жайлы жазған едік. Алайда, шабуылшы әскерилер клубына бапкерлік штабқа енуді жоспарлайды екен. Ал әзірге желтоқсан айына дейін ол "Қайрат" намысын қорғай тұрады. Ол кезінде УЕФА кубогының иегері атанғанын білесіздер.
ЦСКАдан кеткен соң ол "Монако", "Бешикташ" және "Коринтианс" сапында ойнады. Бразилия құрамасының сапында ойында алаңға шығып,4 гол салды. Америка кубогының екі дүркін жеңімпазы.
Біздің серіктес: FONBET