Вагнер Лав Ресейге қайтады

09.06.2020, 08:07
Ресей Премьер-лигачының тарихындағы үздік легионер, ЦСКА клубының аңызы, Вагнер Лав «Коринтианс» клубымен келісімін үзді.
Вагнер Лав Ресейге қайтады

Ақпарат көгіне оның Ресейге қайта оралуы жайлы жаңалықтар шыға бастады. 35-ке толған форфард ЦСКАға ауысады деп бразилиялық баспасөз де жарыса жазып жатыр. Вагнер ЦСКА сапында 2004 пен 2012 жылдар арасында жемісті өнер көрсетті. Мәскеу клубы сапында 244 ойында 120 гол салған. Командамен бірге 14 трофей жеңді. Оның ішінде Уефа кубогы да бар.

Оның қазіргі физикалық бабы ғаламат. Ресейге келіп қайтадан жарқырауы мүмкін. Ал одан кейін ЦСКА клубында бапкерлік штабқа енуі де ғажап емес. Әскери клуб Ресей біріншілігінде қазір 5-сатыда тұр. Демек, Чемпиондар лигасына жолдама алуы әбден мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×