Алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсететін ЦСКА-ның бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав мәскеулік клубқа оралғысы келетінін хабарлады.
«Отбасым Қазақстанға жақсы бейімделді, болып жатқанның бәрі мені қуантады. Бірақ ертең не болатынын білмеймін. Егер мүмкіндік болса және біз ЦСКА-мен мәмілеге келсек, мен бұл ауысымға қуана-қуана келісемін. Әрине, мен керемет естеліктерім қалған сол бір клубқа оралсам, жақсы болар еді. Егер мен ЦСКА-ға қайта оралсам, клубтың тағы да трофейлерге ие болуы үшін қолымнан келгенін жасаймын», - деді Лав Yahoo Esportes Brasil порталына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Вагнер Лав ЦСКА-да 2004-2012 жылдар аралығында, сондай-ақ 2013 жылы ойнаған. 2009 және 2010 жылдары шабуылшы Бразилия клубтарына жалға берілді.
Біздің серіктес: FONBET