Вахид Масудов: «Бахтиёр «Ростовтың» көшбасшысы бола алады»

05.08.2020, 16:26
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-жаттықтырушысы Зайнутдиновтің РПЛ-дағы маусымына және «Қайрат» ойыншысының «Рубинге» ауысу мүмкіндігін бағалады. Сонымен қатар ол Зайнутдиновтің «Ростовтағы» болашағы туралы айтты.
Вахид Масудов: «Бахтиёр «Ростовтың» көшбасшысы бола алады»

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудовтың пікірінше, жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдиновтың «Ростовта» көшбасшы болуға мүмкіндігі бар. Танымал маман «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың «Рубинге» ауысуына да үміт білдірді.

«Менің ойымша, Бахтиёрдың көшбасшылыққа деген бейімділігі бар. Ол осы маусымда өзін жақсы көрсете білді, жақсы гол соқты және "Ростовтың" құрамына өте жақсы ене білді.

Тұңғышбаевқа келер болсақ, мен мынаны айтар едім: мен бұл ауысымға аздап күмәнмен қараймын. Әрине, мен Еркебұланды сол жерде көргім келеді, өйткені оның ойыншыға тән жақсы қасиеттері бар. «Қайратта» ол бапкердің ойынына толық сәйкес келмеді, әр команда футболшы үшін сәтті бола бермейді. «Ордабасыда» ол өте жақсы ойнады. Ол өз командасын табуы керек», - деді Масудов.

Айта кетейік, 17 матчта Зайнутдинов «Ростов» сапында төрт гол соғып, клубтың үздік бомбардирлерінің алтылығына кірді. Команда РПЛ-де бесінші орынға тұрақтады және келесі маусымдағы Еуропа лигасына жолдама алды.

Ал Тұңғышбаев 2019 жылдан бастап «Қайрат» сапында ойнап, Алматылық команда үшін Премьер-лигада 17 ойын өткізді, бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ. Бұрын ол өзі ойнағын «Ордабасының» абыройын ойдағыдай қорғаған болатын. 2016 жылдан бастап Еркебұлан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырыла бастады, оған дейін жастар құрамаларында ойнады. Футболшының қазіргі бағасы, Transfermarkt мәліметтері бойынша, 650 мың еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×