Вахид Масудов: «Команда кеншілерге тән рух көрсетті»

05.09.2022, 16:25
Қарағандылық клуб Қазақстан кубогінің ширек финалында кеткен есесін қайтарды.
Вахид Масудов: «Команда кеншілерге тән рух көрсетті»

«Шахтердің» бас бапкері Вахид Масудов Премьер-лиганың 18-туры аясында «Таразбен» болған ойынды (1:0) қорытындылады:

- Ең алдымен жанкүйерлерімізді осы жеңісімен құттықтағым келеді. Қарағандылық жанкүйерлердің қолдауы бізге ұпай жинауға және турнирлік кестеге жоғары көтерілуге ​​көмектеседі.

Ойынның өзі Қазақстан Кубогінің ширек финалындағыдай қиын болды. Командаға ризамын, жігіттер мінез көрсетті. Иә, біздің ойыншыларымыз гол соққан жоқ – қарсылас допты өз қақпасына енгізіп алды, бірақ ең бастысы команда кеншілерге тән рухын көрсетіп, қақпамызға гол жібермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×