Вахид Масудов: «Мен де қателіктер жібердім, өйткені әлі барлық ойыншыларды толық білмеймін»

03.07.2022, 16:27
Кеше Масудов жаңа командасындағы дебюттік ойынын өткізген еді.
Вахид Масудов: «Мен де қателіктер жібердім, өйткені әлі барлық ойыншыларды толық білмеймін»

«Шахтердің» бас бапкері Вахид Масудов «Ақтөбемен» болған ойынды (2:3) қорытындылады:

- Біз «Ақтөбенің» қалай ойнайтынын білдік. Бірінші таймда жоспарымыз толықтай орындалды. Өкінішке орай, екінші таймда біз дұрыс ойнай алмадық, сапалы ауысымдар жасамадық, өйткені қосалқы құрамда мықты футболшылар жоқ. Себебі біраз ойыншылар жарақатына байланысты бұл матчқа қатыса алмады. Олардың қатарында Рустемович, Ковталюк, Ламанж бар. Мен де қателіктер жібердім, өйткені әлі барлық ойыншыларды толық білмеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×