«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов «Қызыл-Жар» командасына қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:
- Бұл ойында біз ойлаған жоспардың тең жартысы жүзеге аспады. Алғашқы таймның өзінде бірнеше қателікке жол бердік. Дегенмен екінші таймда өзгертулер енгізіп, команданы қайта құрдық. Ауысымдардың әсерінен тезірек ойнадық. Өкінішке орай қорғаныста қателік жібердік. Бірақ мінез көрсетіп, есепті қайта теңестірдік. Жақсы сәттер болды, бірақ екінші голды соғу мүмкін болмады. Алдағы уақытта өткен ойындарда жіберген қателіктерді талдап, қайталамауға тырысамыз.
Кеше стадионда керемет атмосфера орнады. Біздің барлық жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамыз. Өкінішке орай оларды қуанту мүмкін болмады.
Біздің серіктес: FONBET