Вахид Масудов: «Жігіттер жаттықтырушылар құрамының барлық талаптарын орындады»

19.06.2021, 17:32
Масудов «Ақтөбе» сапында екі матч өткізіп, алты ұпай жинады.
Вахид Масудов: «Жігіттер жаттықтырушылар құрамының барлық талаптарын орындады»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Вахид Масудов «Ордабасыға» (1:0) қарсы ойыны туралы пікір білдірді:

- Әрине, матч біз күткендей өте қиын болды. Мен жігіттерге алғыс айтқым келеді, олар бүгін алаңда барын салды, ойын алдында біз талқылағанның бәрін жасады. Ия, бәрі де керемет емес. Командада жарақат алғандар көп, дегенмен, тағы да қайталаймын, жігіттер жаттықтырушылар құрамының барлық талаптарын орындады.

Қарсылас, әрине, мақтауға лайық. «Ордабасы» - сапалы футболшылардан жасақталған жақсы команда, бірақ біз тек өз күшімізбен ойнауға тырыстық. Екі таймда да өз жарты алаңымызда ойнауға мәжбүр болдық. Біз қазір шабуыл шебінде өткір ойнау үшін және қарсы шабуылға сәтті шығу үшін вертикалды ойынға қайта оралуға тырысамыз. Біздің жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Біз матч бойы олардың қолдауын естідік, бұл команданы ерекше ынталандырады. Бәріңе рахмет! Енді бар назарымызды келесі матчқа аударамыз. Дайындық уақыты өте аз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×