Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы матчтан кейін ойын тағдырына әсер еткен сәттер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Кошицеде өткен кездесуде Словакия Қазақстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері 26-минутта Лео Зауэрдің голымен есеп ашқанымен, Рамазан Кәрімов 35-минутта Қазақстанның таразы басын теңестірді. Ал 82-минутта Давид Ганцконың голы Словакиялықтарға жеңіс сыйлады.
Владимир Вайсс Кәрімовтың голын ерекше атап өтіп, Қазақстанның шабуылынан кейін оның командасына қиын болғанын айтты.
«Қазақстан орталық алаңда үш жекпе-жектен жеңіп, әдемі гол соқты. Тоғыздыққа бағытталған керемет соққы болды. Осыдан кейін бізге қиындыққа төзуге тура келді. Бақытымызға қарай, стандартты жағдай көмектесті.» — деді Вайсс.
Словакиялық бапкер шешуші голдың авторы Давид Ганцконың бұрыштамалар кезіндегі шеберлігін де атап өтті.
«Ганцконың жақын бағанда ойнауы — Құдайдың сыйы іспетті. Ол матчтың тағдырын шешті. Сондықтан жеңіске қуаныштымыз.» — деді Словакия құрамасының бас бапкері.
Осы жеңістен кейін Словакия С3 тобында алты ұпаймен көш бастады. Қазақстан құрамасы екі турдан кейін бір ұпай жинап отыр. Джон ван ’т Схип шәкірттері келесі кездесуін 2 қазанда Астанада Молдоваға қарсы өткізеді.