«Алтай» бас бапкері Вахид Масудов Премьер лиганың 24-туры аясында өткен «Жеңіске» қарсы ойынға (0:1) қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің айтуынша, кездесу тактикалық тұрғыдан өте күрделі болған. Ойынның басында команданың матч ырғағына кіруі қиынға соққанымен, бірінші таймның қорытындысы бойынша «Алтай» бірнеше гол соғатын сәттерді ұйымдастыра алған.
Масудовтың пікірінше, жеңілістің басты себебі – мүмкіндіктерді пайдалана алмау. Команда бірінші және екінші таймда да есеп ашатын мүмкіндіктерге ие болған. Бапкер футболдағы «сен соқпасаң, саған соғады» деген қағиданың орын алғанын атап өтті.
Қорғаныста қарсыласқа айтарлықтай еркіндік берілмегенімен, жақын қашықтықтан жіберілген бір соққы ойын тағдырын шешкен.
Сөз соңында Вахид Масудов қарсылас команданы жеңісімен құттықтап, ойынның қиын болғанын тағы бір мәрте растады.