Валерий Чуперка: «Қайрат» бізге бәсекелес бола алмайды»

05.03.2021, 04:40
Валерий Қазақстан мен Ресей чемпионатын салыстырды.
Валерий Чуперка: «Қайрат» бізге бәсекелес бола алмайды»

"Астананың" жаңа жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Шахтермен" болған матчта дебют жасады. Осы кездесуден кейін ойыншы Ресей мен Қазақстан чемпионаттарының арасындағы айырмашылықты атап өтті, сонымен қатар чемпиондық атақ үшін "Қайратпен" болатын күрес туралы пікір білдірді.

- Валерий, Қазақстан туралы, команда туралы және соңғы ойын туралы алғашқы әсерің қандай?

- Менің мұнда келгеніме аз уақыт болды, жалпы бәрі жақсы, команда да жақсы, тек жігіттермен қарым-қатынасты жақсарту керек.

- Сіз "Тамбовтан" "Астанаға" ауысуыңызды прогресс ретінде қабылдайсыз ба?

- Мұны прогресс деп айту қиын, бұл бірінші кезекте чемпионаттар деңгейінің айырмашылығына байланысты, бірақ мен мықты ойыншылардан жасақталған "Астана" клубына ауыстым. Жалпы командаға көңілім толды. Олардың ұсынысы мені қызықтырды, біз сөйлестік, соңында осы клубтың жейдесін кидім.

- Бұрынғы командаңызбен салыстырғанда ойыншылар деңгейіндегі айырмашылықты сезесіз бе?

- "Тамбовта" біз басқаша ойнадық, физикалық жағдайға көп көңіл бөлінеді, ал "Астанада" жеке орындаушылар көп.

- Қазіргі "Астана" "Қайратпен" чемпиондыққа таласуға дайын деп ойлайсыз ба?

- "Қайратпен" бәсекелесуге дайынсыз ба дегенді қалай түсінуге болады? Олар Чемпиондар лигасында ойнай ма, әлде ол командада жұлдызды ойыншылар бар ма? Менің ойымша, "Астананың" чемпиондыққа ұмтылуы - бұл қалыпты және нақты міндет.

- Сіз Қазақстанға келу прогресс емес деп айттыңыз, яғни сіз бұған дейін көптеген мықты қарсыластармен күш сынасып көрдіңіз бе?

- Егер "Шахтермен" болған ойынды алып қарасақ, ойынның қарқыны Ресей чемпионатына сай келмейді. Мүмкін бұл айырмашылықты кейінірек егжей-тегжейлі түсіндіре алатын шығармын. Бірақ сіз сол "Спартакпен", "Зенитпен" немесе "Краснодармен" ойнағанда - ойынның ырғағы мүлдем басқаша болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×