Громыконың әкесі мен анасы
28 жастағы жартылай қорғаушы Валерий Громыко алғаш рет Беларусь футболының ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл атақ “Қайрат" футболшысына Беларусь футбол федерациясының өткізген дәстүрлі сауалнама нәтижесі бойынша берілді. Сауалнамаға футбол мамандары мен журналистер қатысқан.
2025 жылы Громыко Беларусь құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Құрама жейдесінде ол тоғыз матчқа шығып, екі гол соққан.
Сонымен қатар, "Қайрат" сапында Қазақстан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында доп тепті.
Марапаттау рәсіміне ойыншының өзі қатыса алмағандықтан сыйлық оның орнына ата-анасына табысталды.