Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде

28 жастағы жартылай қорғаушыға басқа командалардан ұсыныстар келіп түсуде.

Валерий Громыко мансабын Түркия жерінде жалғастырады деп күтілуде

Валерийдің өзі Түркия Суперлигасында бақ сынап көруге қарсы емес екен. Осы себептенде беларус “Қайраттағы” келісім шартын ұзартуға асықпай отыр. 

Айта кетейік, Громыко "Қайрат" сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бульбаштар құрамасының ойыншысы сары-қаралар қатарына “Қайсардан” ауысып келді. Содан бері ол Алматы ұжымы жейдесінде 52 матч өткізіп, 7 гол мен 14 голдық пас берді. 

Валерий Премьер-лиганың Дастан Сәтпаевтан кейінгі ең қымбат ойыншыларының бірі саналады. 28 жастағы жартылай қорғаушының трансфер құны қазірде 1,20 млн еуроны құрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×