Валерий Громыко “МЛ Витебск” клубына ауысты

Бүгін, 21:07

29 жастағы жартылай қорғаушы Валерий Громыко мансабын туған елінде жалғастыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Валерий Громыко “МЛ Витебск” клубына ауысты

Ол "МЛ Витебск" ұжымымен ресми түрде келісімшартқа отырды.

Громыко 2024-2026 жылдар аралығында Aлматылық "Қайраттың” намысын қорғап, команданың белді ойыншысына айналды. Қазақстандық клуб сапында өткізген екі маусым футболшы үшін өте жемісті болды:

Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды және барлық турнирлерде 57 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Айта кетерлігі, Валерий Громыко 2025 жылдың қорытындысы бойынша Беларусьтің үздік футболшысы деп танылған болатын. Сондай-ақ, ол өткен маусымда жоғарғы деңгейдегі 50 кездесуге қатысып, Беларусь ойыншыларының арасында алаңда ең көп уақыт өткізген футболшы ретінде тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×