«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыконың агенті Малик Арутюнов маңызды мәлімдеме жасады.
Айтуынша, Беларусь футболшысының мансабында жаңа клуб төбе көрсетуде.
«Громыконың әлі тулалық «Арсеналда» жүрген кезінде Түркия чемпионатына баруды ойластырғанбыз. Бірақ ол кезде ыңғайы келмеді. Осыдан кейін Валерий «Қайсарға» ауысып, алға екі қадам басу үшін артқа бір қадам жасады. Ақыры «Қайратпен» Қазақстан чемпионатын екі рет ұтып, Чемпиондар Лигасында жұлдыздарға қарсы өнер көрсетуде. Тұрақты түрде Беларусь құрамасына шақырту алып жүр. Бірақ, «Қайрат» жылда осылай нәтижелі өнер көрсетпейді. Қазақстан чемпионатының деңгейі Түркиядағыдан әлдеқайда төмен. Сондықтан, ол Түркиялық клубтың біріне барып үнемі жұджыздарға қарсы ойнайтын болады. Бұл басқа деңгей мен мотивация. Қазір Громыкоға деген қызығушылық бірнеше жылдан қарағанда жоғары. Ол басқа деңгейдің футболшысына айналды, "Генчлербирлиги", "Фатих Карагюмрюк", "Коньяспор" және "Эюпспор" секілді ортаңқол клубтардың назарында. Олар оны бақылап жүр. Түркиялық клубқа ауысу мүмкіндігі 50 пайыздан жоғары», - деді футбол маманы.
Валерий Громыко ҚПЛ-2025-те 24 ойында 4 гол мен 8 ассисттің авторы атанды. «Минск» клубының түлегі мен «Қайрат» келісімшарты осы жылдың аяғына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 1, 50 млн еуро.