Ван де Бек «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

03.09.2020, 05:53
Жаңа клубында 34-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Ван де Бек «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

«Аякс» жартылай қорғаушысы Дони ван де Бек «Манчестер Юнайтедке» ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Голландиялық жартылай қорғаушы «Манчестер Юнайтедпен» тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. «Аякс» «Манчестер Юнайтедтің» ұсынысын келіссөздерсіз қабылдағаны хабарланды. Трансфер құны бонустарды есептемегенде 40 миллион еуроны құрады. Жартылай қорғаушыны «Барселона» да алғысы келген, бірақ каталондықтар жаңа бас бапкер Рональд Куманның өтінішіне қарамастан ойыншы ала алмады.

23 жастағы Ван де Бек - "Аякс" клубының түлегі. Өткен маусымда ол Голландия чемпионатының 23 матчына қатысты (22 - негізгі құрамда), сегіз голдың авторы атанды, алты голдық пас берді, сондай-ақ үш сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×