Ван де Бек жақын күндері «Манчестер Юнайтедке» ауысады

01.09.2020, 02:13
«Барселона» керемет ойыншыдан айырылғанын сезбей отырған секілді.
Ван де Бек жақын күндері «Манчестер Юнайтедке» ауысады

Амстердамдық «Аякс» жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек өзінің командаластарына «Манчестер Юнайтедке» ауысатындығын айтты, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы медициналық тексерістен өтіп, "МЮ-ге" ауысу үшін келесі аптада Англияға аттанады. Бұған дейін «Аякс» ван де Бекті 55 миллион еуроға бағалайды деп хабарланған болатын. «Барселона» да жартылай қорғаушыға үміткер болған, бірақ каталондықтар жаңа бас бапкер Рональд Куманның өтінішіне қарамастан ойыншыны ала алмады.

23 жастағы Ван де Бек - "Аякстың" түлегі. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Нидерланды чемпионатының 23 матчына қатысты (22 - негізгі құрамда), сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берді, сондай-ақ үш сары қағаз алды. Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×