Ван Дейк антирекорд орнатты

13.09.2020, 14:38
Қазір ван Дейкті алдап өту көптеген ойыншылардың қолынан келетін іс.
Ван Дейк антирекорд орнатты

«Ливерпуль» Англия премьер-лигасының бірінші турында «Лидс Юнайтедті» жеңді. Кездесу «Энфилд» стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 4:3 есебімен аяқталды.

Twitter-де OptaJoe статистикалық порталы хабарлағандай, «Ливерпульдің» қорғаушысы Верджил ван Дейк Премьер-Лигадағы соңғы төрт ойында тікелей голға әкелетін екі қателік жіберді. Мұндай қателікті ол Премьер-лигадағы 154 матч бойы жасамаған екен.

«Лидс» командасын жеңгенінің арқасында «Ливерпуль» АПЛ-де өз алаңындағы жеңіліссіз ойындар сериясын 60 матчқа дейін ұзартты. Серия 2017 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде Юрген Клопптың шәкірттері 49 рет жеңіп, 11 рет тең түскен.

Англия чемпионатының келесі турында «Ливерпуль» «Челси» командасымен матч өткізеді. Ойын 20 қыркүйекте өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×