Ван Дейк: «Бұрынғыдан да күшті болып ораламын»

19.10.2020, 15:00
Ван Дейк келесі матчын келесі маусымда өткізуі мүмкін.
Ван Дейк: «Бұрынғыдан да күшті болып ораламын»

"Ливерпульдің" қорғаушысы Вирджил ван Дейк өзінің Twitter парақшасында үндеу жариялады. 18 қазанда "Эвертонға" қарсы (2-2) кездесуде ол тізе буындарын жарақаттап алды, алдағы уақытта ота жасалады деп күтілуде.

"Мен бүгін түстен кейін дәрігермен кездестім, кешегі жағдайдан кейін жарақтымнан айығу процесін бастадым. Енді мен өзімнің сауығуыма толық көңіл бөлемін және тезірек оралу үшін бәрін жасаймын. Барлық жағдайға қарамастан, мен қиындықтар жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Құдайдың көмегімен мен сіздерді бұрынғыдан да жақсы, сау және күшті болып оралатыныма сендіргім келеді.

Өмірдегідей футболда да бәрінің себебі бар деп санаймын. Тепе-теңдікті сақтау маңызды болып табылады. Әйелімнің, балаларымның, отбасымның және "Ливерпульдегі" барлық адамдардың қолдауымен мен жаңа қиындықты қабылдауға дайынмын. Барлығына қолдау білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, бұл мен үшін және менің отбасым үшін көп нәрсені білдіреді.

Мен қолымнан келгенше командаластарыма қолдау көрсету үшін барымды саламын. Алда маңызды апталар бар, содан кейін менің жағдайым күн өткен сайын жақсара бастайды. Мен қайта ораламын», - деп жазды ван Дейк.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×