Ван Дейк маусымның қалған бөлігінде ойнамауы мүмкін

18.10.2020, 14:55
Қақпашы Алиссон Беккер де алдағы матчтарға қатыспайды.
Ван Дейк маусымның қалған бөлігінде ойнамауы мүмкін

"Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейк маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін. Қорғаушы "Эвертонға" қарсы матч кезінде алдыңғы тізе байламын жарақаттап алды, деп хабарлайды Daily Mail beIn Sports-ке сілтеме жасап.

Кездесудің 6-минутында "Эвертон" қақпашысы Джордан Пикфорд айып алаңында Вирджил ван Дейкті құлатты. Төреші Майкл Оливер "Ливерпуль" ойыншысын офсайдта деп санап, айып соққысын орындауға мүмкіндік берді. Ван Дейк алаңға оралуға тырысты, бірақ 11-минутта оның орнына Джо Гомес шықты.

Кеше, 17 қазанда Англия Премьер-лигасының 5-туры аясында "Эвертон" - "Ливерпуль»" матчы өтті. Кездесу "Гудисон Парк" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

"Эвертон" 13 ұпай жинап, Англия премьер-лигасында көш бастап келеді. "Ливерпуль" (10 ұпай) екінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×